Динара Сәтжан коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (фото)

0 319

Отандық танымал тележүргізуші әрі дизайнер Динара Сәтжан коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Ақпарат өкілі екпе салдыруына қатысты желіде әзілдеп, ел арасындағы болжамдарды жоққа шығарды.

Динара Сәтжан COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Тележүргізуші оқырмандарына екпе алу үрдісін түсіндіріп өтіп, оларға есеп берді. «5G ұстамайды, ештеңе өсіп шыққан жоқ. Антиденелер бітіп қалды.

Сол себепті Спутник V екпесінің уақыты да келді. Коронавируспен қайтадан ауырғым келмейді және әрдайым ПТР тапсырудан жалықтым. Екінші вакцинаны 30 маусым күні алатын боламын. Екпені тікелей эфир кезінде алдым. Ұзын-сонар кезек жоқ. Вакцинаны салдыру үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Өте ыңғайлы екен. Екпені тоңазытқышта сақтайды. Барлық жағдай жасалған. 30 минут өткенін күтіп отырмын. Сосын өз жұмыстарыммен айналыса беремін», — деп жазды ол.

nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.