Департамент басшылығы әйелдерді мерекемен құттықтады

0 294

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков нәзік жандыларды мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиынға қатысқан қыз-келіншектерге гүл шоқтары ұсынылып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Өз сөзінде Теңізжан Нұрмаханұлы әйелдер қауымының ҚАЖ қызметінің дамуына қосып жатқан үлесі зор екенін атап өтті. «Әйелдер қауымы ер адамдарға қарағанда жүктелген міндеттерді мінсіз атқарады, яғни жауапкершіліктері жоғары. Біз қызмет барысында көзге түскен әйел азаматтарды көтермелеп, оларға қолдау көрсетуді жалғастыра береміз», — деді Т.Жәнібеков.

Сондай-ақ, Т.Жәнібеков отбасы мен қоғамда ерекше орын алатын ананың маңызды рөлін баса айтты. Өңірімізде қиындығы мол ҚАЖ саласында қызмет ете жүріп, көп балалы ана атанған нәзік жандырлардың саны аз емес екеніне тоқталып өтті. Сол себепті, мұндай қызметкерлер қандай құрметке болсын лайық екенін жеткізді.

Жиын соңында пенитенциарлық жүйенің дамуына баға жетпес қосқан үлесі үшін бірқатар әйел қызметкерлер ІІМ және департамент бастығының Алғыс хаттарына ие болды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.