Денесіне 10 оқ атылған: Коррупция жайында ашық жазатын журналисті өлтіріп кетті

0 82

Афинада Star телеканалы және Bloko порталының журналисі Йоргос Караивазды өлтіріп кетті. Ол үйіне қайтып бара жатқан кезде, мотоциклдегі белгісіз екі адам оны 15 рет атқан. Оқиға жұма күні орын алған .

Дәрігерлер журналистің денесінен 10 оқ алған.

Караиваз Star телеканалында қылмыстық оқиғалар туралы материал дайындап, күнделікті эфирге беретін. Өзі негізін қалаған Bloko порталында ол коррупцияға қатысты материалдар жазатын. 52 жастағы Йоргос Караиваздың баласы мен әйелі қалды.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис твиттерге «Йоргос Караиваздың қазасы грек қоғамын шошытты» деп жазды. Азаматтарды қорғау министрі Михалис Хрисохоидис журналистің қазасын «жексұрын қылмыс» деп атап, оны өлтірген адамды тауып, сотқа дейін жеткізуге уәде берді. «Өзгеріс қозғалысы» (КИНАЛ) оппозициялық партияның жетекшілігі қанды оқиғаны «Демократияға жасалынған қастандық» деп баға берді.

Халықаралық баспасөз институты Караиваздың қазасын айыптап, 2018 жылы словакиялық журналист Ян Куцяктың өлімін еске салды.

Йоргос Караивазтың қазасы — Грекияда 30 жыл ішінде журналистке жасалынған екінші қастандық. 2010 жылы Афинада биліктегі коррупцияны зерттеген журналист Сократис Гиолиасты өлтіріп кеткен. Оны өзінің үйінде өлтірген. Ол кезде заңсыз құрылған «Революционерлер сектасы» ұйымы өлімге жауапты мойнына алған.

kznews.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.