Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанды

0 323

Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанды. Актер рухани тазару жолында. Желідегі оқырмандарына қазіргі жай-күйін айтқан актер өзгелерге де бұйырсын  деп тіледі.

Дәурен Айдарқұлов кіші қажылыққа аттанғанын айтып, қуанышты екенін жеткізді. Өзгелерге де қасиетті жерге баруды нәсіп етсін деген тілегін білдірді.

“Кіші қажылыққа аттандым. Сіздерге де бұйырсын. Қасиетті жерді көруге нәсіп етсін”, – деп жазды ол.

Желідегі оқырманы жұғысты болсын деп тілеп, ақ тілегін жаудырды.

“Аллаға мадақ, ниетіңіз қабыл болсын”, “Жолыңыз болсын, аман барып қайтыңыз”, “Бізге де нәсіп болсын, жұғысты болсын”, “Менің де барғым келеді”, “Қандай керемет, Алла жолында жасаған әр амал-ниетіңіз қабыл болсын”, “Дәурен таза дін жолында жүрген азамат”, Ниетіңізді қабыл қылсын” деп жазды олар.

“Алла қаласа”, – деп жазды Нұртас Адамбай.

Актердің өнердегі әріптестері Құмар Лұқпанов, Дастан Қалдыбаев, Арман Қоңыр қолдау білдіріп, қабыл болсын десті.

Кейбір желі қолданушылары Дәурен қажылықта жүргенде бұрынғы жұбайы Ақбота басқа жігіттермен көңіл жарастырды деп айыптады.

“Сен қажылықта жүргенде Ақботаны басқа жігіттер алып кетеді”, “Ақбота екеуі тең емес, олар қосылмайды”, “Ақбота мен Шерхан жарасады”, “Дәурен ерігіп жүрген жоқ, мұсылман парызын атқарып жүр”, “Ақбота оның әйелі емес”, “Әйелдеріңді, балаларыңды ойламайсың ба?” деп жазды олар.

“Мәңгілік өмірге ұмтылыс жалған дүниеге бейтарап қарамай, толыққанды болмайды”, – деп жауап жазды Айдарқұлов желіде.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.