Дәулет Кәрібек жаңа қызметке тағайындалды

0 519

Дәулет Кәрібек Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Кәрібек Дәулет Жұмабайұлы 1990 жылы Сарысу ауданы Жаңарық ауылында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығы бойынша білім алған, «Саясаттану магистрі», «PhD Докторант».

2009-2010 жылдары елорданың Алматы аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрғасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылы ҚР Әділет Министрлігі Сот сараптамалық Орталығының инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

2012-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қалалық және орталық деңгейлерінде түрлі басшылық лауазымдарды атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарды. Биылғы ақпаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.