Дәрігерлер сегіз мұғалімге қателесіп алты дозалық вакцина салып жіберді

0 18

Медициналық қателікке байланысты Испаниядағы мектептердің бірінің сегіз мұғаліміне коронавирустық вакцинаның алты дозасы бірден енгізілді.

 

Белгілі болғандай, Хельвес муниципалитетіндегі колледждің оқытушылары (Севилья провинциясы, Андалусия автономды қауымдастығы) 4 маусым, жұма күні вакцинацияланды. Содан кейін дәрігерлер қателесіп олардың әрқайсысына алты дозадан тұратын Pfizer вакцинасын екті.

Сонымен бірге вакцинацияланған мұғалімдердің бірі айтқандай, вакцинациядан кейін ешкімде ауыр симптомдар байқалмады, сондықтан бүгін барлығы әдеттегідей жұмысқа шықты. Осыған ұқсас жағдайлар Германия мен Италияда да тіркелген.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.