Дала жұмыстарының барысымен танысты

0 6

«Жаздың қамын қыс ойла» демекші, көктем мезгілі келісімен шаруалар жердің қамын қамдап,техникаларын сайлап, қызу еңбекке кіріскен.

Аудан бойынша шаруашылық құрылымдары, диқан қауымы көктемгі егіс жұмыстарына кірісе бастады.

Көктемгі дала жұмыстарының ұйымшылдықпен атқарылуы болашақта мол өнім жинауға негіз болмақ.

Ауылшаруашылығы экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол – азық-түлік қауіпсіздігінің де кепілі екені анық.

Бүгін Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев Түркістан ауылдық округінде болып, көктемгі егіс дала жұмыстарын көрді.

Ол Әшір Бүркітбаев ауылының іргесіндегі «Ырсай», «Жон жол» бойындағы «Бауыржан К», «Мұрат», «Болашақ»,«Азамат 2005 » шаруа қожалықтарындағы егістік алқабының барысын бақылады.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.