Цех шатырында қарасора өсірген екі жұмысшы ұсталды

0 329

Қарағандыда екі жұмысшы цех шатырында 147 түп қарасора өсірген.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кәсіпорын аумағынан 36 және 41 жастағы екі ер адамды ұстады.

Екеуі цех шатырында заңсыз қарасора өсірген.

Полицейлер 147 түп қарасораны тәркіледі.

Ұсталғандардың айтуынша, олар қарасораны өздері пайдалану үшін еккен. «Плантация» үшін екеуі цех шатырын ыңғайлы етіп жабдықтаған. Тергеу басталды.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.