COVID-19: Сәуір айында 50 мың доза  вакцина шығарылады

0 65

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев есепті жиынында фармацевтика саласына айрықша тоқталды. Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, өткен жылы 3 фармацевтика өнімдерін шығаратын өндіріс орны іске қосылған. Нәтижесінде өнім көлемі 1,5 есеге өсіп отыр.

— Біз былтырғы жылдан бастап фармацевтика саласына айрықша көңіл бөлдік. Әлемдік пандемия жағдайында негізгі күш осы бағытқа жұмылдырылды.  Сәуір айынан бастап Қордай ауданындағы вакцина зауыты алғашқы 50 мың дозасын шығарады. Ал жалпы зауыттың қуаттылығы 30-60 миллион аралығында вакцина шығаруға қауқарлы. Бұдан бөлек зауыт қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі де оң шешімін табуда, — деді Б.Сапарбаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.