Чип салдырған бірінші қырғызстандық атанған жігіт тәжірибесімен бөлісті

0 270

Қырғызстанда ер адам елде бірінші болып чип салдырған азамат атанды. Бішкек тұрғыны қоғамдағы беделіне және қоғамның түрлі көзқарасына байланысты өзінің атын атаудан бас тартты.

«Тері астына чип салу идеясы екі жыл бұрын пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ойланып, ақпан айында шешім қабылдадым. Біріншіден, бұл ыңғайлы және заманауи. Цифрлық технологияға үйренгеніміз соншалықты, әмияндағы орынның 80 пайызын ақша емес, төлем және жеңілдік карталары алады. Қалталар кіреберістердің, лифтілер мен кеңселердің кілт карталарымен толып тұр.

Екіншіден, биохакинг – әлемдегі танымал қозғалыс. Неліктен  көп нәрсені алмастыратын қарапайым чип бола тұра, жоғалтатын немесе ұрланатын затты алып жүру керек?» – дейді ол.

Ер адам имплантацияланған чип ұзындығы 14 миллиметр тәуелсіз жады мен кішкентай антеннасы бар құрылғы екенін айтты. Имплантацияға арналған чипі, шприці, зарарсыздандырылған құралдары мен материалдары бар жинақ 89 доллар тұрады екен.

«Менің чипім деректерді берудің екі стандартын қолдайды — NFC және RFID. Мен оны арнайы сайттан тапсырыс беріп алдырдым», – деді ол.


 


Жігіт алдымен жеке клиникадағы хирургқа жүгінгенін, ол діни сеніміне байланысты чипті салудан бас тартқанын айтты. Сосын ол пирсинг салонындағы шеберге барған. Оның айтуынша, чиптерді өз бетінше имплантациялайтындар да бар.

“Жолым болмады. Ер адам діндар болып шықты және бұл процедураны орындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Бұл оның діни сенімдеріне қайшы келетінін айтты. Айтпақшы, ол пластикалық хирург болған. Төс немесе ерінді ұлғайту оның діни көзқарастарына қайшы емес, бірақ чипті имплантациялау – күнә”, – дейді ол.

Чип жігіттің оң қолына, бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына салған. Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Қолдың бұл бөлігі құлау кезінде жарақаттануы екіталай. Сондықтан әлемдік тәжірибеде ол чиптің стандартты орны деп саналады.

«Оның көмегімен мен жұмыс компьютерімді немесе смартфонымды құлыптан босата аламын. Менен басқа ешкім мұны істей алмайды. Онда әртүрлі ақпаратты, кез келген құпия сөздерді, соның ішінде электрондық әмияндарды сақтай аламын. Оның көмегімен есіктерді ашып қана қоймай, автомобильді арнайы тұтану модулі арқылы басқара аламын. Бұл ұрлыққа қарсы ең жақсы жүйе», – деді Бішкек тұрғыны.

Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.