Шуда спорт алаңшалары ашылуда

0 344

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан отыз жылға жуық уақыт ішінде елімізде бұқаралық спортты дамыту жолында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та спортқа зор көңіл бөліп, бұл саланы әрдайым мемлекеттік маңызы басым бағыттар санатына қосып келеді, — деп хабарлайды «Sheraga.kz» ақпарат агенттігі.

 Ел  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы жүктеген маңызды міндеттерді мүлтіксіз орындау мақсатында қазір облысымыздың барлық ауданында саламатты өмір салтын ұстануға қажетті жағдай жасалуда. Ал бұқаралық спорт нысандарын салу ісіне «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы да қосымша қарқын қосты. Аудандардағы құрылысқа жан бітірген жол картасы аясындағы жұмыс елді еңбекпен қамтуға да жол ашты.

Баянды бағдарлама аясында облысымыздың түкпір-түкпірінде құрылыс жұмыстарының бойына қан жүгірді. Бір елді мекенде мәдениет үйі, бірінде спорт кешені, енді бірінде емхана пайдалануға беріліп, ел қуанышын еселеуде. Әсіресе аталған бағдарлама бойынша облысымызда жыл сайын жаңадан салынған спорт нысандарының саны көбейіп, стадиондар мен ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. Атап өтер болсақ, бір ғана Шу ауданында өткен жылы 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында елді мекендерге 9 спорт алаңша салыныпты. Әрбір спорт алаңшасының жобалық-сметалық құны 12 миллион 700 мың теңге. Бұдан бөлек аудан орталығы Шу қаласында тағы 4 спорттық алаңша салынып, пайдалануға берілген. Күні кеше тағы бір спорттық алаңша Төле би ауылдық округіне қарасты Аша ауылында берілді.

–Аша ауылындағы спорттық және балалардың ойын алаңшасы жас өскіндердің қауіпсіздігі үшін де өте құптарлық іс болды. Себебі, ауылдың мектебі осы каналдың арғы бетінде орналасқан, ал бергі жағында біраз отбасы тұрады. Кішкене балалар мектеп ауласындағы ойнауға қолайлы жерге кетіп қала беретін. Яғни каналды кесіп өтетін. Енді осы алаңшаны салғалы жақсы болды. Ата-аналарының көз алдында, каналға жақындамай-ақ, арғы бетке өтіп үйінен алыстамай-ақ осында ойнайтын болды. Және бір тиімді тұсы – бұл алаңшада тек кішкентайлар емес, үлкендердің дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуына қолайлы стрит воркаут та салынып, мұнда жастар да көптеп келетін болды,–дейді Төле би ауылының тұрғыны Әбдібек Орманов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.