Бүгін – балаларды қорғау күні: Балам өзіме қарсы шықпасын десеңіз…

0 242

Біз ересек адамдардың өз балаларына бөлетін уақыты болмайтын кезеңде өмір сүрудеміз. Біздің мемлекетте балалар 3-4 жасқа толғаннан бастап балабақшаға барады, одан әрі мектеп, университет… Осылайша адамдардың өз балалары өздеріне бағынбайтын деңгейге жетеді. Бұдан бөлек балаларымен ашық сөйлесетін, оның тәрбиесіне мән беретін ата-аналар да жоқтың қасы. Бәрі баласын қысып ұстауға, оларға қатал болуға дайын тұрады. Балаларға қаталдық танытудың қажеті жоқ секілді.

Әрбір ата-ана олармен құрдасы сияқты ашық сөйлессе, олар өздеріне ата-анадан артық ешкімнің жақын емес екендігін түсінеді. «Адырна» ұлттық порталы ата-аналарға балаларына қоюға болатын сұрақтардың тізімін ұсынады.

  1. «Күнің қалай өтті?» деген сұрақтың орнына қоюға болатын сұрақтар:

Бүгін болған ең қызықты оқиға туралы айтып берші.

Қандай жаңа ақпарат білдің?

Күлуіңе не түрткі болды?

Саған кім қызықты, күлкілі, ақылға сыймайтын дүниелер айтты?

Бүгін сені не таңқалдырды?

Бүгін біреуге көмектестің бе?

Сен үшін біреу қандай да бір жақсылық жасады ма?

Бүгін өзің үшін мақтандың ба? Не үшін?

Саған бүгін көңілсіз болды ма?

Бүгін саған не қиын болды?

Достарыңмен бірге қандай ойын ойнадың?

Түскі аста кіммен бірге отырдың?

Сыныптастарыңның ішінен кіммен дос болғың келеді?

Мұғалімдерің мен тәрбиешілеріңнің арасында кім саған қаттырақ ұнайды? Ал кім мүлдем ұнамайды?

Егер сен бір күнге мұғалім болсаң, сыныптастарыңа не үйретер едің?

Біреу саған әділетсіздік көрсетті ме?

Кіммен араларыңда келіспеушілік болды?

Егер бүгінгі күн қайта оралатын болса, бүгінгі күніңді басқаша қалай өткізер едің?

Осы аптада нені орындай алмадың? Ал нені орындай алдың?

  1. Баланың фантазиясын дамытатын сұрақтар:

Егер аспаннан тамақ жаңбырша жауса, осы орындалу үшін нені қалар едің?

Қай жануармен қыдыруды қалайсың: пілмен бе әлде арыстанмен бе?

Егер сенде түстердің атын өзгерту мүмкіндігі болса, оларды қалай атар едің?

Егер біздің үйдегі мысық сөйлей алғанда, ол не айтуы мүмкін?

Егер сенде кез келген жабайы аңға сұрақ қою мүмкіндігі болса, сен одан не сұрар едің?

Егер сенің жеке үңгірің болса, оның ішінде не болар еді?

Ешқашан бұзылмайтын қабырғаны неден тұрғызуға болады?

Қандай жануар машинаны дұрыс, ережелерді бұзбай жүргізе алады деп ойлайсың?

Егер уақыт машинасы болса, не болады?

Егер адамдар ақшаны ойлап таппағанда, әлем қалай құралатын еді?

Егер сенің сиқырлы таяқшаң болса, қандай үш түрлі тілек тілер едің?

  1. Баланың өзі туралы сұрақтар:

Өзіңді 5 сөзбен сипаттап берші

Өзіңнің қандай қасиетіңді ұнатасың? Ал қайсысын ұнатпайсың?

Егер өзіңнің келбетіңдегі бір нәрсені өзгерте алғаныңда нені өзгертер едің?

Егер қалаған жеріңе бара алатын күшке ие болсаң, қайда баратын едің?

Үлкендер сен туралы нені дұрыс түсінбейді деп ойлайсың?

Саған айтылған ең үздік комплиментті айтшы.

Егер сенің жұмыс істемесең де сені қанағаттандыратын ақшаң болса, сен жұмыс жасар ма едің?

Егер сенің жеке дүкенің болса, онда не сатар едің?

Егер сен кітап жазсаң, ол не туралы болады?

Өзіңнің идеалды күніңді қалай елестетесің?

Нені үйренгің келеді?

Қазіргі білетін нәрселеріңнің ішінде үлкен болғанда не қажет болады деп ойлайсың?

Егер уақыт машинасы болып, онымен саяхаттай алатын мүмкіндік туып, үш жыл бұрынғы өміріңе саяхат жасайтын болсаң, сол кездегі өзіңе қандай кеңес берер едің?

Мен сені құшақтаған кезде не сезесің?

  1. Өмір және әлем туралы сұрақтар:

Адамды не ақылды етеді?

Бала мектепке не үшін барады?

Болашақта өмір қандай болатын секілді?

Бала болған оңай ма? Әлде ересек болған оңай ма?

Баланың ересек адамдарды сыйлағаны дұрыс па?

Бұл өмірде адамдар бір-бірін не үшін алдайды?

Әрқашан өзің ойлап тұрған нәрсені басқаларға айта салған дұрыс па?

Адамдар не үшін сөзге келеді, барлық мәселені айқай-шусыз шешуге болмай ма?

Ересек адамдар не үшін жиі күлімсіремейді?

Адамның жаны дегеніміз не, ол қайда орналасады?

Махаббат деген не?

Бақыт деген не?

Адам ақшасыз бақытты бола ала ма?

Байлар неліктен ақшаларын кедей адамдарға бөліп бермейді?

Біз не үшін өмір сүріп жатырмыз?

Ал сіз балаңызға осы сұрақтарды қоясыз ба? Ең болмағанда бір рет болсын қойып көрдіңіз бе?

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.