Биылда асарлатып 100 үй салынады

0 84

Былтырғы жылы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы жанданғаны белгілі. Баянды бастама талай тұрғындарды баспана бақытына кенелтті. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Бұл жайында Бердібек Машбекұлы есепті жиынында баян етті.

— Өткен жылы 617,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Атап айтсақ, 38 үй тұрғызылып, 2446 отбасы баспанаға қол жеткізді. Ал «Асар» жобасымен 100 үйдің кілті табыс етілді. Биыл да «асарлатып» 100 үй салу жоспарланып отыр. Бұл ең бірінші халықты ауызбіршілік пен бірлікке шақыратын игі жоба, — деді Б.Машбекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.