Биыл Құрбан айт мерекесі қашан тойланады?

0 228

Мұсылмандарға арналған 2021 жылдың күнтізбесіне сәйкес, Құрбан айт шілде айында тойланады. Бұл мұсылмандар үшін ең маңызды мереке саналады.

 Биыл Құрбан айт 20, 21, 22 шілде күні тойланады.

Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.

Мұсылман бауырлар бұл күні тазаланып, дәретін алып, хош иіс себініп, мешітке асығады. Мешітте Айт намазы оқылады.

Құрбан айтта көпшілік дәмдісін әзірлеп, дастархан жаяды. Бір-бірінің үйінде қонақ болып, астан ауыз тиеді. Бір-бірін мұсылман мерекесімен құттықтайды. Әрбір үйде Құран оқылады. Өмірден өткен ата-бабаларына Құран бағыштайды. Ренжіскен жандар болса, кешірім сұрасып, өкпе-ренішін  ұмытады.

Құрбан айтта көп болып жиналып, дастархандас болып, мерекелеудің еш әбестігі жоқ. Алайда дінге қайшы әрекеттерге бармау керек.

Құрбан айтта орындалатын сауапты амалдардың бірі — Құрбан шалу. Бұл амал Ибраһим пайғамбардан қалған. Мұсылмандар құрбан малын сойып, мұқтаж жандарға таратады. Құрбан малын таңдаудың өз әдептері бар.

Шамасы келген мұсылман жұрты осы қасиетті күні қасиетті Меккеге аттанады. Алла алдындағы тағы бір парызын өтейді.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.