Биыл «Оскар» жүлдесін алған фильм анықталды

0 317
Nomadland (ағылшын тілінен аударғанда «Көшпенділер жері») фильмі «Оскар» жүлдесін иеленді.

25 сәуірде Лос-Анджелесте Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы ұйымдастыратын 93-інші «Оскар» жүлдесін табыстау іс-шарасы өтті. «Үздік фильм» номинациясын Nomadland («Көшпенділер жері») иеленді. 2020 жылы түсірілген америкалық драманың режиссері, сценарисі мен монтажері Хлоя Чжао болған.

Басты кейіпкер АҚШ батысында саяхаттау үшін үйінен кетіп қалады, оны Фрэнсис МакДорманд сомдады. Екінші пландағы рольде Дэвид Стрэтэйрн ойнады, ал көшпенділер Линда Мэй, Суонки мен Боб Уэллс өз-өздерін сомдады. Фильм Джессика Брудердің «Көшпенділер жері» деректі романына негізделген.

Фильм режиссурасы, сценарийі, монтажы, операторлық және актерлік шеберлігін, әсірісе Фрэнсис МакДормандтың ойнын сыншылар жоғары бағалады. 93-інші «Оскар» жүлдесінде Nomadland алты номинацияға ие болды, соның ішінде «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік әйелдер рөлі» (МакДорманд), «Үздік оператор» (Джошуа Джеймс Ричардс), «Үздік монтаж» және «Үздік бейімделген сценарий».

Фильм «Алтын глобус» жүлдесінде төрт номинация жеңіп алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.