Бейіт басында білгенін істеген кімдер?

0 401

Тараз қаласы маңындағы «Тектұрмас» қорымына жер­ленген марқұмдардың құлпытастағы суреттерін бел­гісіз біреулер бояп кеткен. Ондағы бас-аяғы 12 бейіт­тің суреттері зақымданып отыр.

Мұндай жантүршігерлік жағдайды қорымның директоры Қадырхан Абдуллаев байқап қалған.
– Бұл теріс ағымдағы азаматтардың тірлігі сияқты. Себебі дәл осындай жағдай бірер жыл бұрын Шымкент қаласындағы қорымда да орын алған. Онда теріс ағымдағы мола қарауылы осылайша өзінің діни көзқарасын көрсеткен болатын.
Біз марқұмдардың суретіне жағылған бояулардың барлығын кетірдік. Бірақ бұлай қалдыруға болмайды. Облыстық полиция департаментіне шағым түсірдік. Тез арада вандализммен айналысқандарды тауып, жазасын беру қажет, – дейді Қ.Абдуллаев.
Облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов бұл мәселені жіті бақылауына алғанын айтып отыр.

Төлен ДЕДЕК,

Тараз қаласы

ar-ay.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.