«Бәрі ойдағыдай өтті»: Нұрқанат Райыс жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

0 328

Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатында 21 жастағы Нұрқанат Райыс алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан бокс федерациясымен сұхбат кезінде Нұрқанат жеңісі жайлы пікір білдірді.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы черногориялық Стефан Саковичті төрешілердің бірыңғай (5:0) шешімімен жеңген болатын.

«Әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегімді өткіздім. Барлығы ойдағыдай өтті, жаттықтырушылардың нұсқауларын орындадым. Енді жақсы нәтиже көрсету үшін келесі кездесулерге дайындаламыз. Бұл мен үшін алғашқы әлем чемпионаты. Психологиялық тұрғыдан да барлығы жақсы», — деді Райыс.

Нұрқанат 30 қарашада молдовалық боксшы Влад Гаврилюкпен жұдырықтасады.
stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.