БАҚ: Ресей Беларуссияны «өзіне қосып алуға» дайындалуда

0 341

Батыс саясаткерлері мен Беларусь оппозициясының көшбасшылары «Ресей Федерациясы «бауырлас» республиканы басып алуға дайындалып жатыр ма және бұл процедура қалай өтеді» деген тақырыпты талқылауды жалғастыруда. Еуропалық газеттердің жазуынша, өткен аптада ЕО-ның жабық саммитінде Еуропалық Одақ елдерінің бірқатар басшылары Ресей Беларусьті «өзіне қосып алуы» мүмкін деген алаңдаушылық білдірді.

 

Мұндай қорқыныш бұған дейін де болған. Бірақ Лукашенко журналист Роман Протасевичті тұтқындау үшін Минскіге Ryainair әуе кемесін мәжбүрлеп қондыруға рұқсат бергеннен кейін күдік күшейе түсті.

Ақпараттар ағынына қарап, мынадай қорытынды шығаруға болады: Еуропа елдерінің басшылары РФ президенті Владимир Путин Беларусьті Ресейге қосу үшін әріптесінің оқшаулануын қолданады деп қорқады. Испандық El Pais газетінің хабарлауынша, мұндай қауіп туралы бірінші болып ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель айтқан, содан кейін оны Беларусьпен көршілес елдердің басшылары қолдаған.

«Ресей билігі Беларусьті тәуелсіз мемлекет ретінде өзіне қосып алуға күш салуда», — деді Bloomberg TV-ге Литва Президенті Гитанас Науседа. «Олар бұл бағытта өте сәтті әрекет етіп жатыр».

Литва басшысы НАТО-ға мүше елдер шетте қалмауы керек екенін атап өтті. Ол Еуроодақ шекарасына жақын жерде болып жатқан «қауіпті геосаяси процеске» үн қатуға және таяудағы саммит барысында альянс ағымдағы жағдайды білетіні, «тиісті шараларға» жүгінуге дайын екені туралы «айқын белгі» беруге шақырды.

Бұған дейін Еурокомиссия Беларуське экономикалық көмек жоспарын әзірлегені және елді жаңа көшбасшы басқарған жағдайда шамамен үш миллиард еуро беруге дайын екені белгілі болды. Брюссель бұл қаражатты елде билік өзгергеннен кейін жүзеге асырылатын саяси және экономикалық реформалары үшін бөлуге ниетті екені айтылды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.