«Балқадиша» әнін домбырамен шебер орындаған орыс жігіт жұртты таң қалдырды (видео)

0 243

«Балқадиша» әнін шебер орындаған орыс жігіт желіде танымал болуда.

Әлеуметтік желіде дауысы ерекше жас жігіт көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде. Желі қолданушылары одан қазақтың әнші-композиторы Ақан серінің туындысы – «Балқадиша» әнін орындауын сұрайды.

Ол бұл өтінішті жерде қалдырмай, әнді көпшілік назарына ұсынып, жұрттың мақтауына ие болды. «Жарайсың. Өнерде ұлт болмайды, тек қана талант бағаланады», «Рақмет, Алла разы болсын», «Жарайсың», – деп жазған пікір қалдырушылар.

Алексей Лодочников есімімен Instagram желісіне тіркелген азамат өзін актер, әнші әрі SMM маман ретінде таныстырады. Жігіттің парақшасына бүгінде 41 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.

kznews.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.