Байден жұрт алдында маскасын шешіп, «Американың ұлы күнін» жариялады

0 419

АҚШ президенті Джо Байден вакцина салынғандардың құқығын кеңейту үшін жаңа ережелерге сәйкес масканы алғашқылардың бірі болып шешті, — деп хабарлайды Reuters.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы шығарған жаңа ережеге сәйкес, вакцина салдырған адамдар ашық жерде де, жабық жерде де маскасыз жүре алады.

Осыған байланысты Джо Байден кеңседе вакцина салдырған депутаттармен кездесті. Ол масканы алғашқылардың бірі болып шешті. 

«Мен бұл ұлы күн деп ойлаймын. Егер вакцина салдырған болсаңыз маскасыз жүре аласыз», — деді Байден.

Жаңа ереже бойынша, вакцина салдырған америкалықтар сапарға шыққанда карантинде жату міндетінен босатылады, коронавирусты анықтайтын тест тапсырмайды.

Бұл ережелер науқастар саны азаюы мен жастардың вакцина салдыра бастауы және вакцинаның тиімділігене негізделіп жасалған.

Ақ үй басшысы америкалықтарды вакцина салдыруға және коронавируспен күресті тоқтатпауға шақырды.

Сонымен қатар, CDC өкілдері толық вакцинацияланған адамдар, егер мемлекеттік, уездік, қалалық деңгейде немесе федералды, аумақтық заңдарға сәйкес талап етілсе, маска тағу керегін, сонымен қатар, жеке компаниялар, соның ішінде жұмыс берушілер белгілеген ережелерді сақтау керегін мәлімдеді.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.