Аюға тап берген қыз туралы видео қайда түсірілгені анықталды

0 274

Калифорнияда Хайли есімді 17 жастағы қыз иттерін құтқару үшін аюға қарсы ұмтылды. Қыз бен жабайы аң арасындағы тартыс түсірілген видео Желіде тарап жатыр.

Бейнежазбада аю мен оның қонжықтары үйдің қоршауына шыққаны түсірілген. Аюлардың үй ауласына түсуіне бірнеше ит кедергі келтіруге тырысады. Нәтижесінде үй иесі аюдан өз ауласы мен иттерін қорғауға мәжбүр болды. Қыз еш ойланбастан аюға жүгіріп барып, оны қоршаудан итеріп жіберді. Кейін ол үй жануарларын жинап, үйге кіріп кетеді.

Бір тәулікте бұл видео TikTok желісінде 9 миллион лайк пен 70 миллионнан аса қаралым жинаған. Мыңдаған қолданушы қыздың батылдығын атап өткен.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.