Автомобиль жолдары қардан тазаланды

0 420

Сарысу ауданы көлемінде 2021 жылдың 13-14 наурызда дауылды жел болып, арты қалың қарға ұласты.
Осыған байланысты Облыстық маңызы бар жолдарды тазалауға яғни «Куюк-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолының 66 -140 шқ аралығында Сарысу жолдары ЖШС-нің тарапынан 2- ЗИЛ 130, 3 –Камаз, 2- тиегіш, 1 – МТЗ 80 техникалары қар тазалауға шыққан. Қардың қалындығы 45-50 см болғандықтан және боран басталғаннан кейін жұмыстар тоқтатылған болатын.
2021 жылдың 15 наурыз күні ауа райы жақсаруына байланысты «Куюк-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас» автожолының 66 -140 шқ аралығында тазалау жұмыстары жалғасын тапты.
Сонымен қатар, Жаңатас-Саудакент автокөлік жолы тазаланып ашылды.
Қазіргі таңда, Жаңатас қаласының ішінде «МирАйСаудакент» ЖШС-і, «ЕвроХим» ЖШС-і және басқа да жеке кәсіпкерлердің тарапынан қар тазалау жұмыстары атқарылуда, атап айтқанда әлеуметтік маңызы бар объектілердің алдында және қаланың басты көшелері /Жібек-жолы, Асфандияров, Мұқанов, Смаханұлы, Сұлтанғазиев, Абай, Құрақбай, Уалиханов, Пушкина, Қажымуқан, Құдайбердиев, Қойгелді батыр, Ақмешіт, Ш.Датқа, Бижанов, Клочков, Мұратбаев, Құрманғазы, Амангелді, Бокин, Момышұлы, Байсеитов/ тазаланды және қала ішінде тазалау жұмыстары жалғасуда (жұмылдырылған техникалары 8-погрузчик, 1-грейдер,1-МТЗ 80).
Сонымен қатар, ауылдық округ әкімшіліктердің тарапынан ауылдардың ішінде тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобил жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.