АУЛА ОЙЫНДАРЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ

0 287

Бүгін Т.Рысқұлов ауданында Мемлекеттік Рәміздер күні қарсаңында аула ойындарынан жарыс өтіп, оған 9 ауданнан келген 150-ден астам әуесқой спортшылар қатысты.

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бастама қоғамдық сананы жаңғыртып, бұқаралық спортты дамыту үшін ұйымдастырылып отырған сайысқа 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер спорттың 5 түрінен бақ сынады.Олар асық ату, ләңгі ойындары, қалашық, орта доп және секірмемен секіру.


Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім және дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл спорттық фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.


Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командарларға диплом және алғыс хаттар табысталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.