Аудан әкімі спорт саласына ерекше көңіл бөлмек

0 311

Қазіргі уақытта әлемде COVID-19 вирусының таралуына байланысты барша халық қауіпті дертпен күресу жолына түскен.

Осыған байланысты елімізде де төтенше жағдай жарияланып, жұқпалы аурудың алдын алу шаралары қолға алынып кеткені қашан. Аталмыш дерттің келуімен көптеген шаралар кейін шегеріліп, еңсемізді еңсере алмай қалғанымыз жасырын емес. Алайда бұл, қазақ спортының жарық жұлдызы Бекзат Саттархановты ұмыт қалдыру дейтін сөз емес.

4 сәуір Бекзат Саттархановтың туған күніне орай Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев дене шынықтыру және спорт бөлімі бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды.

Онда бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері КСРО жеңімпазы,кіші әлем чемпионатының чемпионы Сарысу ауданының құрметі азаматы Серік Өмірбековті шәкірттерін дайындау үстінде жолықтырды.

Аудан басшысына С.Өмірбеков бүгінгі таңдағы жетістіктермен алдағы жоспарларын айтты.

Сонымен қатар спорт саласы соның ішінде бокс залынан бөлек жаттығу, жуыну бөлмелерінің басқа да қажеттіліктердің керек екендігін жеткізді.

Аудан әкімі:

— Спорт- адамзат өміріне алапат күш сыйлап, тәнге қуат, жанға мықты рух сыйлайтын қастерлі дүние. Оған ден қоймайтын, қызықпайтын, серік етпейтін қоғамды кездестіру қиын құбылыс.

Сондықтан сергек болудын, сау болудың бірден бір жолы -спортпен шұғылдану.

Бүгінде ел спорты еңсесін тіктеп, қадамын нықтап, қарыштап дамып келеді. Өйткені спорт саласына ел Президенті көңіл бөліп, қажетті қолдауды көрсетуде.

Қазақстан спортшыларының қатарын толықтыруда ауданымызда қосқан үлесі қомақты азаматтар баршылық.

Соның бірі өзіңіз. Сондықтан сіз көтерген мәселелер демеушілер тарапынан оң шешімін табуына ықпал етеміз,-деді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.