«Атып тастаймын деп қорқытты». Алматы облысында ерлі-зайыпты соққыға жығылды

0 224

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында ерлі-зайыптының соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Облыстық полиция департаменті іс тергеліп жатқанын және үш жігіт ұсталғанын хабарлады.

Кадрлардан ер адам мен әйел дене жарақатын алғанын көруге болады. Жазба авторы Қасымбек ауылында үш жігіт пен ерлі-зайыпты арасында жанжал болғанын жазған.

«Таңертең бүкіл отбасы мүшелері жұмысқа шықты, олар үйдің қоршауында мас жігіт дәрет сындырып тұрғанын көрген. Кейін оған ескерту жасаған. Ал ол боқауыз сөз айтып, арандата бастаған. Әкем көліктен түсіп оған жақындағанда, оны үші жігіт соққыға жығады.

Көк, сұр және ақ жейде киген үш жігіт. Кейін анам араласқан. Оны да ұрып-соғып, қорқыта бастады. Олардың бәрі мас, көлік тізгініндегі жүргізуші де мас болды. Нәтижесінде әкемнің миы шайқалып, басы жарылған. Анамның да миы шайқалып, ерні жыртылған», — делінген жазба сипаттамасында.

Алматы облысының полиция департаменті мәліметі бойынша, 2 маусымда Жамбыл ауданы полициясына Қасымбек ауылының тұрғыны оны және күйеуін ұрып-соққаны туралы арыз түсірген.

«Тексеру барысында осы ауылдың 22-24 жастағы үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, зардап шеккендер дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар, медициналық куәландыру ұсталғандардың екеуі мас күйінде болғанын көрсетті», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.