Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты

0 280

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев «Коворкинг» орталығында үкіметтік емес ұйым жетекшілерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттігін айтып, билік пен бұқараның арасындағы іргелі байланыс орнататын ұйымдардың дамуына үлкен сеніммен қарайтынын атап өтті.

«Елімізде азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға бағытталған оң саясаттың нәтижесінде мыңдаған азаматтарды біріктіретін қоғамдық сектор-еліміздің әлеуметтік экономикалық, саяси дамуына, ықпал ететіндей күшке айналды.

Жалпы азаматтық сектор қоғаммен қарым-қатынаста маңызды орын алып, қоғамның мәселелерін шешуде мемлекеттік органдарға әділ әріптес деген көзқарас қалыптасты»,-деді аудан әкімі.

Басқосуға «Нұр-Шапағат» коорпоративтік қорының жетекшісі – Хасенова Райхан, «Сарысу патриоттары» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Қияшов Қуаныш басқа да үкіметтік емес ұйым жетекшілері сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында аудан басшысы:
— Бірлігі мен берекесі жарасқан аудан халқының әл – ауқатын әрі қарай жақсартуға, әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықты дамыту жолында аянбай еңбек етуге шақырамын.
Келгендеріңізге үлкен алғыс білдіремін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.