Астанада зейнеткерді автобус қағып кетті

0 273

Нұр-Сұлтанда 73 жастағы әйелді автобус қағып кетті.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 11.25-те болған.

«Автобустың 32 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесінен Сейфуллин көшесіне қарай бара жатып жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарына байланысты 73 жастағы әйел оқиға орнында қайтыс болды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – дейді полицейлер.

Бұған дейін астанада екі автобус соқтығысқаны туралы жазған болатынбыз.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.