Арубаев аудандағы жер кезегінің мәселесіне нүктесін қойды

0 28

Биыл тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін түрлі бағдарламалардың септігі өз әсерін тигізіп отыр. Жергілікті ауыл-аймақта тұратын көпшіліктің жапырақтай жер теліміне жете алмай жүргеніне неше жыл өтті. Бірақ, биыл «беріледі» деген жәй сөз емес. Нақты хабар. Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бұл жұмыстарға нүктесін қойды. Халық алдындағы есептік кездесулерде тұрғындардың сауалын саралай келген аудан басшысы азаматтарға жер телімі қажеттігін анық аңғарып, осы жылы 2000-ға жуық жер учаскесі қажеттілігі байқалған 7 ауылға қаражат қарап, елді мекендерді қайнаған құрылыс алаңына айналдырды.

Атап айтсақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Аса, Бірлесу-Еңбек, Тастөбе, Шәкен Ниязбеков, Қаратөбе, Айшабибі, Қызылқайнар ауылдарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілуде. Жасалған игіліктер туралы айтар болсам, Шәкен Ниязбеков ауылындағы жер учаскесіне электр желісі мен қиыршық тас жолын төсеуге 193 миллион теңге, Тастөбе ауылындағы алқапқа электр жарығы мен ауызсу желісін жүргізуге 77 миллион теңге, Қызылқайнар ауылындағы жер учаскесіне тас жол төсеп, электр жарығымен қамтамасыз етуге 263 милион теңге бөлінді.

Сондай-ақ Бірлесу-Еңбек ауылындағы жер телімдеріне «көгілдір отын», ауызсу және электр жарығын іске қосуға 227 миллион теңге, Аса ауылындағы жер телімі алқабының ауызсу мен газ жүйесінің құрылысына 738 миллион теңге, Айшабибі ауылындағы жер учаскесіне жарық көзі мен табиғи отын жеткізуге 375 миллион теңге, Бектөбе ауылындағы алқапқа электр және газ желісін жүргізу үшін 248 миллион теңге, Қызылқайнар ауылына газ тартуға 110 миллион теңге жұмсалды.

Бұл игіліктер сәтті аяқталар болса, биыл 2000-ға жуық адам жер телімін алып, баспана салуға мүмкіндік алмақ.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.