Әрбір сұраныс – бақылауда

0 164
Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев, Игілік ауылдық округінің әкімі Ж.Жанайдаров және Игілік ауылдық округінің ақсақалдарымен ұзындығы 15 шақырым болатын «Өтес» каналының жәй-күйімен танысып қайтты.
Аудан басшысы ауыл ақсақалдарының «Өтес» каналына латок салынса деген сұранысы бойынша Ұйым ауылына кіре беріс бөлігінен бастап Саудакент ауылының ішімен өтетін каналдың Өндіріс ауылының егістік жеріне келетін бөлігіне дейін жаяу аралап шықты.
Канал бойын аралай отырып аудан басшысы жағалай тасталған қоқыстарды көріп, бір айдың ішінде канал бойындағы қоқыстар алынбаған жағдайда барлығына айыппұл салынатынын жеткізді.
Сонымен қатар канал бойынан өтетін жердің қалмағынын, бақша бойын қуалай, аула-аула ішімен қаңғыған иттердің жол бойында қауіпті екендігінде назардан тыс қалдырмады.
Каналдан өтіп, келер бетіне жету үшін аудан әкімі әр ауланың шарбақтарын шамалы қысқартып, каналға жолдың ашықтығын, жол жүру мүмкіндігін қарастыруды қатаң тапсырды.
Аталмыш каналдың қазіргі жағдайымен танысып «КАЗСУШАР» Сарысу аудандық бөлімі басшысының орынбасары Ә.Жұпарбековке бір қатар тапсырмалар берді.
Каналдың қазіргі жағдайын толық тексеріп, тиімді жағдайларды қарастырып латок салуға ұсыныс беруін тапсырды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.