Ақтөбеде шектеу шараларын сақтауды сұраған депутат көпшілікпен бірге ауызашарға барған

0 291

Шектеу шараларын қатаң сақтауды сұраған шенеуніктің көпшілікке арналған ауызашарға барғаны ақтөбеліктердің наразылығын тудырды.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанова мен қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы, қазіргі жергілікті кәсіпкерлер палатасының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Сұлупан Шынтасова және бір топ әйелдің ауызашар өткізіп, үстел басында отырған сәті түсірілген видео тарады.

Ауызашар қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен.

Видеода Ақтөбе іскер әйелдер қауымдастығы парақшасының логотипі көрінеді.

Ақтөбеліктер қауіпті вирус жұқтырғандар саны күн сайын өзіп жатқан кезде халық қалаулыларының бұл әрекеті наразы болды.

Оның үстіне, ауызашарға қатысқан 21 сәуірде Сұлупан Шынтасова Ақтөбе облысының бас санитария дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевпен бірге Instagram-да сөз сөйлеп, коронавирустың таралу қарқыны бойынша облыс «қызыл» аймаққа кіргенін және шектеу шараларын сақтау маңызды екенін айтқан болатын.


Желіде тараған видеоға Ақтөбе облысының бас санитария дәрігері түсініктеме берді.

«Ұжымдық іс-шара барлық әлеуметтік желілерде тарады, мен оны көрдім. Бүгін таңертең біз қала әкімдігі жанындағы мониторингтік топқа барлық қатысушыларды анықтау үшін видео және фотосурет жібердік, олардың бәріне және мекеменің иесіне де әкімшілік шаралар қолданылады», – деді Нұрсұлу Беркімбаева.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.