АҚШ Оңтүстік Кореяға бомбалаушы ұшақтарды шығаруға көмектесіп жатыр

0 40
Оңтүстік Корея отандық бомбалаушы ұшақтарын шығарып жатыр. Елдің Оңтүстік Кенсан провинциясында отандың KF-21 «Порамэ» маркалы бомбалаушы ұшақтарын шығарып, эксплуатацияға қосуда. ұшақтарын Korea Aerospace Industries компаниясы жасап шығарған.
Жақында ғана өткізілген шараға Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Ин өзі қатысып, ұшақтардың алғашқы шығарылымының тұсауын кесті. Өз сөзінде президент отандық бомбалаушы ұшақтардың ел қорғанысы үшін маңыздылығын мақтанышпен айтты.
Негізі ұшақтарды шығару бағдарламасы 2016 жылы қабылданған болатын. Бұл мемлекеттік қорғаныс бағдарламасы бойынша (DAPA — Defense Acquisition Program Administration) жүзеге асып отыр. Кейіннен Korea Aerospace Industries өндірісінде ұшақтарды көптеп шығару жалғасын тапты. Жобаға алғашында 7,7 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған.
Отандық бомбалаушы ұшақтарды өздерінде өндіру Оңтүстік Корея үшін АҚШ-тан сатып алудан әлдеқайда арзанға түскен. Сондықтан қорғанысты қамтамасыз ету үшін осындай қадамдарға барған. Қазір Оңтүстік Корея мемлекеті 20 жыл бойы соғыс техникаларын шығарып келеді.
Алдағы уақытта оларды экспортқа шығару көлемін ұлғайтпақ. Кореяға 5-ші буын бомбалаушы ұшықтарды шығаруға АҚШ технологиялық тұрғыдан көмек көрсетуде. Нәтижесінде KF-21 «Порамэ» маркалы бомбалаушы ұшақтары өмірге келді.
Бекболат ҚАРЖАН,

Leave A Reply

Your email address will not be published.