Ақмола облысында екі күдікті студент-таксисті қалай өлтіргендерін айтып берді

0 306

Ақмола облысында 19 жастағы студентті аяусыз өлтірді деген екі күдіктіні ұсталды. Қос күдікті студентті 2 мың теңге үшін тұншықтырып өлтірген

Ұсталғандар студентті өлтіргенін мойындап үлгерді, тіпті полицияға қылмысты қалай жасағанын көрсетіп берді.

Айтуларынша, біреуі алдыңғы орындықта, екіншісі артқы жағында отырған. Студент клиенттерден жол ақысын төлеуді сұраған сәтте алдыңғы орындықта отырған жолаушы жүргізушінің бетінен ұрып жібереді. Ал екіншісі оны арақ бөтелкесімен ұрып есеңгіретіп тастайды. Содан кейін олар жігітті тұншықтыра бастады. Мәйіт қала сыртындағы қамыстың арасына жасырылған. Ал жедел топ көлікті Щучинсктегі үйлердің бірінің жанынан тапты.

«Осы қылмысты жасағаны үшін ауданның 20 және 22 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар жасаған қылмысын мойындап, мәйітті жасырынған жерін көрсетті. Белгілі болғандай, жәбірленуші бос уақытында көлік жүргізген. Күдіктілер оны inDriver қосымшасы арқылы шақырған», — деді Ақмола облыстық полиция басқармасының өкілі Әсемгүл Кочубаева.

Бұған дейін Ақмола облысында екі жігіттің 19 жастағы таксист жігітті өлтіріп кеткенін хабарлаған едік.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.