Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

0 349

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген.

Zakon.kz сайтының редакциясына сурет  жіберген тұрғындар бірнеше күн бойы өз меншік тұрақтарына көлік қоя алмай жүргендерін айтып шағымданған.

Тұрғындар VIP нөмірлі көліктер Қайрат Нұртас пен оның анасы Гүлзира Айдарбекованікі екенін бірден таныған.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ.

Әнші жақында ғана карантин шектеулерін сақтамағаны үшін айыппұл төлеген болатын.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.