Алматыда жаңадан салынған асфальт бұзылды

0 401

Былтыр тұрғындардың шағымынан кейін салынған жаңа асфальт қайтадан жарамсыз болып қалды

Алатау ауданының тұрғындары бұзылған асфальттың видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының хабарлауынша, Алатау ауданының аумағында су құбыры және кәріз желілерін тарту жөніндегі шарттың талаптарын орындамаған «Сапа құрылыс» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміне енгізілуі мүмкін.

Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысымен жүргізілген «Шаңырақ-1» шағын ауданындағы сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы бойынша басталған жұмыстар барысында жауапты тұлғалардың салғырттығынан құрылыс бригадасы Көкорай көшесінің асфальт жабынын бүлдіріп тастаған.

Жобаға сәйкес, бұл көшеде ешқандай қазу жұмысы жүргізілмеуі тиіс.

Қазіргі уақытта ЖШС 505-баптың 1-бөлігі «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құрылыс компаниясына өз қаражаты есебінен қысқа мерзімде жол төсемін қалпына келтіру қажеттілігі туралы шағым жіберілді.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.