Алматыда вакцина алған адамға ІРhonе 12 сыйлады

0 224

Алматыда вакцина алғандар арасында өткен ұтыс ойынының жеңімпаздарды анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екпе салдырғандарды қолдау мақсатында «Өзіңе және жақындарыңа қамқор бол» акциясын мегаполистегі алғашқылардың бірі болып «ЦУМ» сауда үйі өткізді.

Жеңімпаздар кездейсоқ таңдалды. Барлығы 5 жүлде ойнатылды: ІРhonе 12 смартфоны, Samsung Galaxy A02 телефоны, «Starbucks» желісінен, «Wendy’s» мейрамханасынан сертификаттар, сондай-ақ кәдесыйлар орталығынан сертификаттар берілді.

Бас жүлде ІРhonе 12-ні Дарья Сургутанова иеленді.

«Мен коронавирус вакцинасын сыйлық ұтып алу үшін салдырған жоқпын. Бұл – менің саналы таңдауым. Өзімнің және жақындарымның ауырғанын қаламаймын. Менің ойымша, бұл керемет мүмкіндік. Тегін вакцина алып, ауруға қарсы тұру бәріміздің қолымыздан келеді. Сондықтан мен қала тұрғындарын екпе алдыруға шақырамын», – деді Дарья Сургутанова.
«ЦУМ» сауда үйінде вакцина салдырғандардың бәріне киім, аяқ киім, сағаттар, ұялы телефондар, аксессуарлар, тіпті зергерлік бұйымдарды сатып алуға үлкен жеңілдіктер қарастырылған.

Сол күні Globus СОСО леуметтік желілердің тікелей эфирінде вакцина алған адамдар арасында ІРһоnе 12 ұтыс ойыны өткізді.

Айта кетейік, қалада Qamqor акциясы жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары вакцина алғаны туралы төлқұжатын көрсеткен кезде кәсіпкерлерден тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ала алады. Мысалы, вакцинаның арқасында кинотеатрға, фитнес-орталық, моншаға баруға және тағы басқа қызметтерге 20 проценттік жеңілдік алуға мүмкіндік бар.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.