Алматыда отандық QazVac вакцинасы таусылды

0 297

Алматы қаласының тұрғындары отандық QazVac вакцинасының жоқ екеніне шағымданды. Оқиғаны қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы түсіндірді

Отандық вакцинаны салғызғысы келетін Алматы тұрғындары екпе пунктерінде QazVac вакцинасының жоқ екенін айтады. Олардың сөзінше, қазір қалада ресейлік Sputnik V және қытайлық HayatVac вакциналары ғана қолжетімді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі отандық вакцина таусылып жатқанын растады.

«Алматы қаласы бойынша отандық QazVac вакцинасы таусылуда. Отандық вакцинаның бірқатар дозасы 1-2 аптаның ішінде Алматыға жеткізіледі. Қалада вакцинаның 7-8 дозасы ғана қалған», — деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасы.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.