Алматыда ер адамның қызды тонаған сәті видеоға түсіп қалды

0 173

Алматыда ер адамның көшеде қызға шабуыл жасап, тонаған сәті видеоға түсіп қалды. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді.

Белгісіз ер адамның әрекеті түсірілеген видео әлеуметтік желілерде таралды. Кадрлардан ер адамның көшеде келе жатқан қыздың қолына жармасып, затын тартып алғаны көрінеді.

Қыз қорғануға тырысады. Бірақ қылмыскер күшпен жұлқып, қызды құлатады да қолындағы затын алып, қашып кетеді.

«Бүгін таңертең сағат 9.31-де Айвазовский көшесінде жеке сектор аумағында тонау болды», — делінген жазба сипаттамасында.

Полиция бұл деректі ҚР ҚК-ның 191-бабы «Тонау» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімімен тергеліп жатқанын айтты.

«Қылмыс бүгін таңертең жеке сектор аумағында болды. Жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта шабуылдаушының жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр», — деді Алмалы аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.