Алматыда барахолкадан өрт шықты

0 683

Алматыда барахолка базарларының бірінде тағы өрт шықты

Бұл жолы барахолканың солтүстік бөлігінде орналасқан «Кенжехан» базары өртеніп жатыр. Өрттің кадрлары әлеуметтік желілерде жарияланды. Болжам бойынша, өрт 29 сәуірде таңертең сағат 09.30 шамасында басталған.

ТЖД мәліметінше, құтқарушылар тоғыз минут ішінде өртті ауыздықтады. Қазір ол сөндіріліп жатыр.

 

Еске салайық, соңғы рет Алматы барахолкасында өрт 19 наурызда болған. Ол кезде «Байсат» базарындағы контейнер өртенген.

 

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.