Алматыда аялдамадағы апат: зардап шеккен үш адамның біреуі ауыр жағдайда

0 247

Дәрігерлер Алматыда мас жүргізуші қағып кеткен жаяу жүргіншілердің жағдайын айтты.

«Жәбірленушілер көптеген жарақат, травматикалық шок алған. Екеуі облыстық стационарға жеткізілді. Біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханада. Оның иығы сынған, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Ол ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр, жағдайы ауыр», — деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда алкоголь мен есірткі қолданған 1997 жылғы жүргізушінің автобус аялдамасында үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені хабарланған.

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.