Алматы облысында көлік өтетін көпірді су шайып кетті (видео)

0 96
Алакөл аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір көпірді қалпына келтіру жүргізіліп жатыр.

«Алакөл ауданы аумағындағы облыстық маңызды бар Қабанбай-Лепсі автомобиль жолындағы көпірді су шайып кетті. Оқиға 30 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болды. Таудан аққан өзен суының шамадан тыс көтерілуінен көпірдің бір жақ шетін шайып кетті», — делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Қазіргі кезде «Алакөл жолдары» және «СПМ-306» мекмелерінен 6 техника жеткізіліп, қажетті мамандар жұмылдырылып, көпір қайта келтіріліп жатыр.

«Аталған көпірдің құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы. Мердігер мекеме «СМП-306″ ЖШС мекемесі»,- деп толықтырды аталған ведомствоның өкілдері.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.