Алматы мәслихаты 4 миллион теңгеге төсбелгі сатып алмақшы

0 1 053

Алматы қалалық мәслихаты мемлекеттік сатып алу порталы «Заңғар» төсбелгісін 4 миллион теңгеге сатып алмақшы. Бұл туралы Bugin.kz порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тауардың техникалық ерекшелігінде: «Төсбелгінің негізі диаметрі 35 мм шеңбер түрінде келтірілген. Шеңбердің жоғары және төменгі жағында шығыңқы жалтыратылған жазулар орналасқан. Жиектерінде өрнек бар. Фоны көгілдір эмальмен боялған. Бұйымның ортасында шығыңқы жалтыратылған металмен орындалған логотип орналасқан. Медальдің бүкіл аумағы бойынша өрнектер сыртқы жағына нақышталған» — деп көрсетілген.
Оған қоса, 100 дана медаль винилді қорапқа салынып, куәлігі болуы қажет.  Олардың бағасы  4 017 857 теңге деп көрсетілген.
Ал, төсбелгі дайындаумен айналысатын белгілі компаниялар мұндай медальдің нарықтағы құнын (қорабы мен куәлікті қосқанда) 9300 теңге деп көрсетті.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген  лоттан хабары жоқтығын, тапсырыс беруші мәслихат аппараты екенін айтты.
Айта кетейік, әзірге лот жеңімпазы туралы дерек жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.