Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерге 26 миллион теңге жұмсамақ

0 320

Алматы әкімдігі шетелдік блогерлерді шақырып, оларды күтпек. Осы шараны ұйымдастыруға басқарма 26 миллион теңге жұмсамақ.

 

Бұл туралы Protenge арнасында ақпарат жарияланды. 20 блогерге 26 миллион теңгеге Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтан ұшақ ақысы төленетіні хабарланды.

«Оларды бес күнге бес жұлдызды қонақүйге орналастырады, күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етеді және Медеу мұз айдынына апарады, Көк төбе мен Көк базарды көрсетеді. Бонус ретінде блогерлерге ұлттық тағамдарды дайындау бойынша мастер-класс беріледі және ұшу алдында естелік сыйлықтар беріледі», – деп хабарлайды арна.

Қалалық туризм басқармасында блог-тур Алматының танымалдылығын арттыру және туристік әлеуетті дамыту үшін ұйымдастырылған деп хабарланды.

Блог-турға миллионнан астам адамды қамтитын 40 шетелдік трэвел-блогерлер мен медиа-тұлғалар қатысады, сондай-ақ, 50 мың жазылушыға дейінгі микро-инфлюенсерлер де болады. Әкімдік шетелдік блогерлермен жұмыс істеу Қазақстан мен Алматыға келгісі келетін туристер ағынын арттырады деп үміттенетінін айтады.

«Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы» ЖШС 26 миллион теңгеге 20 адамнан тұратын екі блог-тур ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Оған Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ, Гонконгтан келген блогерлер мен журналистер қатысады.

«Бұл елдерді таңдау себебі саяхаттау үшін жаңа орындар іздейтін төлемге қабілетті аудитория болғандықтан, екіншіден, Алматыға тікелей рейстер болғандықтан таңдалды. Блог-тур бағдарламасы Қазақстанның тарихы мен мәдениетін ашатын танымал табиғи және қалалық көрікті жерлерді қамтиды.

Туристік нысандарға барудан басқа, блог-турды ұйымдастыру визалық қолдауды, тамақтануды, медициналық көмекті, кіру билеттерін, гид-экскурсоводты, Алматы әуежайында күтіп алу мен шығарып салуды және блог-тур барысында апарып, алып келуді қамтамасыз етуді қамтиды. Сондай-ақ, блогерлер үшін қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс өтеді және ұлттық костюмдерде фотосессиямен қолөнер шеберханасына апарады. Қонақтарға Қазақстанға естелік ретінде  ұлттық сувенирлер сыйға тартылады», – деді әкімдікте.

Басқармада блог-турлар Алматы мен Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жүргізілетінін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.