Әли Оқапов пен Диас Аблаевтың тойдағы видеосы тексерілуде

0 99

Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы пайда болды

Қазір оны Алматыдағы мониторингтік топтардың бірі тексеріп жатыр. Видеоға қарағанда мерекелік іс-шара Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғанын аңғаруға болады. Шараға қатысушылар арасында Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогер бар.

Ресми ведомство өкілдерінің мәліметінше, Алматының мониторингтік тобы қазір бұл деректі зерттеп жатыр.

«Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шара қай жерде өткенін анықтаймыз», — деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиетің тойдағы видеосы тексерілген болтын. Ұйымдастырушылар мен әртістер жазалануы мүмкін екені хабарланған.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.