Әлеуметтің әлеуетін арттыру – басты назарда

0 204

Шулықтар аудандағы жұмыссыз есебінде тіркелгендерге «екі қолға бір күрек» тауып беру ісін мықтап қолға алған. Осы орайда ағымдағы жылдың   соңына дейін 4 388 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Осы орайда аталған жоспардың жартысынан астамы орындалып қойғанын айту керек. Өйткені, жыл басталғалы өткен 4 ай ішінде 2 603 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік жұмыс орнына 53 адам, жастар практикасына 65 жас, ақылы қоғамдық  жұмысқа 519 адам жолдама алған.

Ал әлеуметтің әлеуетік көтеру мақсатында жыл басынан бері 690 отбасыға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалыпты. Сондай-ақ кепілдендірілген  әлеуметтік пакет пен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы 743 балаға 13,3 миллион теңге  көлемінде көмек көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.