Әйелі мен итін өлтіріп, қылмысын жасырған ер адамды смарт сағаты арқылы әшкереледі

0 458

Грек полициясы әйелі мен итін өлтірген ер адамды үйіндегі құрылғы арқылы анықтаған. Ер адам өзінің сол уақытта үйде болмағанын дәлелдейтін айғақ ойлап тапса да, смарт-сағат деректерді жоққа шығарды. Осыдан кейін ол қылмысын мойындаған.

 

Мамыр айында 33 жастағы Бабис Анагностопулос (Babis Anagnostopoulos) полицияға қоңырау шалып, үйіне қарақшылар кіргенін хабарлады. Ол қылмыскерлердің қарулы тобы оны байлап, 20 жастағы әйелі мен итін өлтіріп, қомақты ақша мен құнды заттарын ұрлап кеткенін айтқан. Алайда келген тәртіп сақшылары үйде қарақшылар болғандығы туралы ешқандай дәлел таба алмады.

Тергеу барысында полиция оның смарт сағатынан мәліметтер алып, тергеуде өтірік айтқанын анықтаған. Құрылғыдағы сенсор ер адам түні бойы үйдің ішінде жүргенін көрсеткен. Күдікті ол уақытта байлаулы болғанын айтқан. Сонымен қатар, тергеушілер оның әйелі қайтыс болғанға дейін үш сағат бұрын үйдегі қауіпсіздік жүйесін өшіргенін анықтады.

Нәтижесінде ер адам өз кінәсін мойындады. Оған бірнеше айып тағылды, соның ішінде әйелі мен итін өлтіргені, сондай-ақ тергеуге жалған айғақтар бергені үшін жауапқа тартылады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.