«Ай мен Айша» кекті жанар, шер көмей

0 506

Ұяң көктем ,бар ғұмырын күз қылғып,
Сол бір күздің саясында сіз
мүлгіп…
Бара жатқан мезгілде,
«Жарам қайта асқынады жүз жылдық…»

Әй бұл көктем жанарында кек ұлып,
Тоқтамайды,нала-мұңға көміліп …
Мына жаңбыр «Қырық бірінші жылғы»,
Келіншектің көз жасындай төгіліп…

«Ай мен айша» кекті жанар шер көмей,
«Қара маржан» ыстық жүрек сергек ой…
Қып-қызыл боп көрініп тұр анау бұлт,
«Қызыл жебе» үзіп өткен кермедей…

Жүрегінде бар қайғысы даланың,
Орны әлі бар сол жүз жылдық жараның…
Отырады қарағаштың түбінде,
Бір жазушы айға малып қаламын…

Шырмауықтың іңкәрлығын қайыңға,
Қарғалдақтың салынбайтын қасиетын уайымға…
Айтады ұзақ әңгіме қып сол адам,
Зарғалдақтың жұмыртқасы жайында…

Сол бір адам бұлыт жамылып ай бүркен,
«Ұлтты сүйсең жұртыңменен қайғыр тең»…
Дейді дағы темекісін тұтатып,
«Дүние-әй деп күрсінеді әй бір кем! »

Шапағат ӘБДІРҰЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.