«Адам танымастай күйде»: Желіде экс-министр Біртановтың суреті тарады

0 122

Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың суреті тарады. Онлайн форматтағы сот отырысынан скриншотты журналист Андрей Деменок жасаған.

Экс-министрдің суретін Facebook желісінің бірнеше қолданушысы, Instagram желісіндегі бірнеше парақша жариялап үлгерген. Көпшілік пандемия басталғанда денсаулық сақтау министрлігін басқарған бұрынғы шенеуніктің қазіргі халін аса таңданыспен қабылдап жатыр. Олардың бірі Біртановты танымай қалғанын айтса, енді бірі сурет фотошоп болуы мүмкін деп есептеген. Алайда, суретті желіге жүктеген тілшілер скриншоттың жақында өткен онлайн форматтағы сот отырысынан жасалғанын айтып отыр. «Айтарға сөзім жоқ. Суретті онлайн форматтағы сот отырысынан Андрей Деменок түсірген»,- деп жазды журналист Асхат Ниязов өз Facebook парақшасында. «Танымай қалдым», «Мұны көру қандай аянышты», «Мен сыйлайтын үздік министрлердің бірі», «Аяқтан шалды», «Кінәлі емес-ау», «Өзгеріп кетіпті», «Мейірімді», «Аянышты етіп көрсеткісі келіп жатыр ма?», «Әлі түрмеге отырмаған ба?», «Жабайы Арманға» ұқсайды екен», «Адам танымастай күйде», «Ол шынымен ақша ұрлады ма?», «Алла көмек берсін», «Бәрі бір адамға жабылғандай көрінеді. Мен адам ретінде оны аяймын»,»Оны орнына қайтарыңдар» , «Өте сауатты, тәрбиелі азамат. Неге екенін түсіне алар емеспін», «Маған бәрібір» деп жазды жұрт. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Жомарт Тоқаев «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы матч кезінде көз жасына ерік берді (видео) Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазан айының соңында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Кейін қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді. Экс-министрдің ісіне қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі үш рет ұзартылды.

kaz.nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.