9 мамыр Ұлы отан соғысына ұлы жеңіске 76 жыл !!!

0 281

«Сарысу ауданының мемлекеттік архиві»КММ-нің директоры мен қызметкерлері ауданымыздың Ұлы Отан соғысының ардагері Ібіжанов Қабыл атамызды мерекесімен құттықтады.

Ібіжанов Қабыл 1926 жылы дүниеге келген. 18 жасқа келген соң, 1944 жылдың қыркүйек айында майданға шақырылды. Жау тұтқиылдан шабуыл жасағанда үрімдей жас жігітте майданға аттанады. Бұл кезде кеңес әскері жаудың ұясы- Берлинге қарай ығыстырып бара жатқан. Тараз қаласында, одан Алматы, Семей, Петропавл, одан әрі Орал қалаларында әскери дайындықтан өтіп, Мәскеуге жетеді.Кейіннен 1946 жылы Архангельск қаласында, Эстонияда және 1949 жылы Ленинградта аэродромның ұшып- қону алаңдарының құрлысына қатысып, 1950 жылдың қазан айында елге оралды. Ұлы жеңісті жақындатуға үлес қосқан қарт жауынгердің омырауында бірнеше Отан ордені мен медальдары жарқырайды.
Бүгінде атамыз 96 жаста 34-Немере,
58- шөбере , 3-Шөпшек бар.

Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иіп алғыс айтамыз !!!

Leave A Reply

Your email address will not be published.