Вакцина салдырғандарға ұшаққа отыруға болмайды: Қазақстандықтарды желіде таралған видео алаңдатты

0 1 131

Әлеуметтік желілерде Covid-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарға қан кету қаупіне байланысты ұшақтарда ұшуға болмайды деген ескерту пайда болды.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы вакцинацияланған адамдарға әуе сапарларына ресми түрде рұқсат берді.

Алайда вакцинацияланған адамдарға кейбір сақтық шараларын сақтау қажет. Дәрігерлер вакцинаның екінші дозасынан кейін екі-үш аптадан соң ғана ұшақпен сапарды жоспарлау қажеттігін ұсынады.

«Бұл уақытта ағзада антиденелер қалыптасып үлгереді. Сондай-ақ, мамандар вакцинацияланған туристерді шамадан тыс немқұрайлылы болмауға шақырады. Вакцинаның салдырғанына қарамастан, саяхатшылар бетперде тағып, адамдар көп жиналатын жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет», — делінген хабарламада.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.