8 сәуірден бастап eGov порталы арқылы вакцина салдыруға тіркелуге болады

0 150

Электронды үкімет порталында вакцинацияға өтінім беру қызметі 8 сәуірде іске қосылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның айтуынша, эпидемияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділікті сақтау арасындағы тепе-теңдік үшін елімізде цифрлық технологиялар белсенді енгізілетін болады.

«Екпе алған адамдарды тіркеу және бақылау үшін арнайы паспорт жасалды. Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылы 8 сәуірде электронды үкімет порталында вакцина алуды тіркеу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр», – деді министр.

Вакцинацияға жазылу үшін азаматтар электрондық үкімет порталына тіркеліп, өтінім беруі қажет. Онда тіркеу бойынша медициналық ұйымды көрсетеді. Осыдан кейін өтініш медициналық ұйымның қарауына жіберіледі. Кейін азамат электронды үкімет порталында медициналық ұйымға баратын күні мен уақытын көреді. Сондай-ақ, қосымша SMS-хабарлама алады.

informburo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.